Официальный интернет ресурс
акимата Астраханского района
Акмолинской области
Кырымкулова Асыл :Қайырлы күн, Айгүл Амантайқызы! Менің жақын құрбым 2015 жылдың наурызында жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметке орналасты. 2018 жылдың желтоқсан айында бала босануға дейінгі демалысқа шықты. Қазіргі уақытта бала босанғаннан кейінгі демалысқа кетті. Бірақ, 2018 жылғы қызметі бағаланбай қалды. Ендігі жерде құрбым 2018ж. атқарған жұмысы бойынша бонус ала ала ма?
Ответ: Қайырлы күн, құрметті Асыл Кырымкулова! Сұрағыңызға рахмет. Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес бонус мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленеді. Сіздің сауалыңызда құрбыңыздың бағалауды өткені немесе өтпегені туралы анық көрсетілмеген. Егер бағалауды өтпеген жағдайда, Бағалау қағидасы бойынша "Б" корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді. Осыған орай, бонус төлеу сұрағын шешу үшін бес жұмыс күннен кем емес уақытқа жұмысқа шығуға құқылысыз. Сол уақыттың ішінде мемлекеттік орган сіздің тиімділігіңізді бағалауға тиіс. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайға баға беру және толығырақ жауап алу үшін Сіз тиісті құжаттарды қоса отырып, Агенттікке жүгінуіңізге болады.
***
Балгожин Рустем: Сәлеметсіз бе? Мемлекеттік кәсіпорында басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға кімдер жатады?
Ответ: Құрметті Балгожин Рустем! Қосымша сұрағыңызға рахмет! Мемлекеттік кәсіпорындарда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар: бірінші басшы және функционалдық міндеттерге қарай оның орынбасары болып табылады. Мысалы, басшының орынбасары өз бұйрығымен бағынысты адамдарды лауазымға тағайындап, жұмыстан босата алса, ол басқарушылық функцияларды орындайды. Сонымен қатар, ондай өкілдік мемлекеттік кәсіпорынның басқа да жұмысшысына жүктелуі мүмкін. Осыған орай, басқарушылық функциялардың болуын әр жағдайда бөлек анықтау қажет.
***
Караев Акберен: Айгүл Амантайқызы, саламатсыз ба! Сізге сұрағым бар еді. 2018 ж. қызметі бағаланғаннан кейін мемлекеттік қызметші 2019 жылдың наурызында мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетеді. Осы жағдайда оған бонус төлене ма екен?
Ответ: Қайырлы күн құрметті Караев Акберген! Сұрағыңызға рахмет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары бұзылған немесе мемлекеттік әкімшілік қызметші бағалаудың басталу күніне дейін жұмыстан шығарылған кезде есепті кезең үшін бонус төленбейді. Мемлекеттік лауазымнан босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаның тиісті актісімен айқындалған күн еңбек қатынастары бұзылған немесе жұмыстан босату күні болып табылады. Сонымен бірге, бонустар төлеу туралы шешімді: 1) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін – бонустар төлеу жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі қабылдайтын жауапты хатшыларды қоспағанда, пилоттық органның бірінші басшысы; 2) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін: пилоттық орган басшысы не оны алмастыратын адам (егер осы пилоттық органда жауапты хатшының лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға айқындалмаған болса); пилоттық органның жауапты хатшысы; пилоттық орган аппаратының басшысы; мемлекеттік қызметшілерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату құқығы бар лауазымды тұлғалар қабылдайды. Осыған орай, аталған сұрақты шешу үшін Сіз қызмет еткен мемлекеттік органдағы уәкілетті тұлғаға жүгінуіңіз қажет. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайға баға беру және толығырақ жауап алу үшін Сіз тиісті құжаттарды қоса отырып, Агенттікке жүгінуіңізге болады.
****
Адильбеков Жанат :Добрый день! Возможно ли участие в конкурсе на занятие вакантной адм должности руководителя отдела с имеющимся сертификатом ОЛК для исполнительской должности полученным в 2018 году до внесения изменений? Будет ли основанием для отказа в допуске моей кандидатуры к собеседованию ввиду того что мой сертификат для исполнительской должности (2018 года до внесения изменений) а конкурс объявлен на руководящую должность?
Ответ: Добрый день, уважаемый Адильбеков Жанат. В первую очередь, благодарю Вас за вопрос. Как следует из Вашего обращения, в прошлом году Вы прошли тестирование на оценку личных качеств. На тот период программа тестирования на оценку личных качеств кандидатов на должности корпуса "Б" состояла из двух программ: - для руководящих должностей; - для исполнительских должностей. В свою очередь, с января 2019 года изменена программа тестирования на оценку личных качеств. В частности, включены вопросы на определение уровня достоверности и по ним установлен порог прохождения. При этом, согласно типовым квалификационным требованиям к административным государственным должностям, новые требования не распространяются на лиц, получивших заключения по результатам тестирования на оценку личных качеств до 1 января 2019 года. Заключение, выданное по результатам тестирования на оценку личных качеств кандидата на должность корпуса "Б", действительно в течение одного года со дня прохождения такого тестирования. В этой связи, с имеющимся сертификатом Вы вправе участвовать в конкурсе на замещение исполнительской должности.
***
Садвокасова Камила : Дополнения к ранее моему вопросу а также к представленному ответу Уважаемая Шаимова Айгуль Амантаевна! Ранее заместителем Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Бектеновым О.А. был направлен ответ на мой вопрос также заданный в рамках диалоговой площадки 01.08.2018, 15:09 Номер вопроса: 7804, в ответе которого говорится что в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 939 новая система оплаты труда в пилотном режиме (в Агентстве по делам государственной службы и противодействию коррупции, Министерстве юстиции, акиматах города Астаны и Мангистауской области) апробируется с 1 января до 31 декабря 2018 года включительно, за исключением части по выплате бонусов, которая действует до 30 июня 2019 года. Согласно Общенациональному плану мероприятий по реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 10 января 2018 года «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» в первом полугодии 2019 года будут подведены итоги пилотной апробации новой системы оплаты труда, в том числе вопрос повсеместного внедрения. Теперь же вы отвечаете что срок его завершения определен - 31 декабря 2019 года. Для дальнейшего масштабирования проекта необходимо, чтобы рост затрат на оплату труда был обеспечен оптимизацией и экономией бюджетных расходов, в том числе расходов подведомственных организаций. В этой связи, в настоящее время госорганы для перехода на новую систему оплаты труда изыскивают соответствующие средства. Поэтому сроки перехода на эту модель оплаты будут определены по итогам пилота с учетом результатов работы государственных органов. В этой связи можно предположить что внедрение а также переход на ФБШ будет не одновременным для всех государсвтенных органов ?
Ответ: Уважаемая Садвакасова Камила, спасибо за дополнительный вопрос. Срок пилота продлен. По поручению Руководителя Администрации Президента от 16 ноября 2018 года за этот период будет выработан единый механизм по переходу государственных органов на новую систему оплаты труда.
***
"Нұр Отан" Партиясы" Қоғамдық Бірлестігінің Алматы Облысы Талдықорған Қалалық Филиалы:Сәлеметсізбе! Мемлекеттік қызмет, бюджеттік мекемелердің, жалпы мемлекеттік қатысы бар мекемелердің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунт атаулары әр өңірде әрқалай басқарма болсын, әкімдік, орталық, бөлім және тағы басқа. Бір бекітілген стандарт жоқпа? Бір мекеме атауы орысша, бір мекеме атауы қазақша, біреуінде латын тілінде! Осы сұрақты назарға алсаңыз!
Ответ: Қайырлы күн! Сұрағыңызға рахмет. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ережесінің (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығымен бекітілген) 1-тармағына сәйкес Агенттік мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бағалау және мемлекеттік бақылау жүргізетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Осыған орай әлеуметтік желілердегі аккаунттардың атауларын реттеу Агенттік құзыреті шегінен шығады. Алайда, Сіздің ұсынысыңызды өкілетті органның назарына жеткізу мақсатында сауалыңыз Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігіне жолданатын болады.
***
МУКАШЕВ ТИМУР БОЛАТОВИЧ :Здравствуйте Айгуль Амантаевна! Согласно Правилам проведения конкурса на занятие административной государственной должности, ход собеседования с каждым кандидатом фиксируется с помощью технических средств записи. Как вы считаете, возможно ли для максимально прозрачного процесса трудоустройства размещать видеозапись хода собеседования на официальном сайте государственной организации объявившей конкурс либо вести прямой эфир хода собеседования в социальных сетях? Благодарю за ответ
Ответ: Уважаемый Тимур Болатович, спасибо за дополнительный вопрос! Как Вы верно отметили, Правилами проведения конкурса на занятие административной государственной должности предусмотрена возможность фиксации, с помощью технических средств, хода собеседования с кандидатом на государственную должность. В рамках дальнейшего совершенстования процедуры отбора на государственную службу, Агентством изучается возможность обеспечения фиксации хода собеседования в онлайн режиме. Данный вопрос прорабатывается совместно с уполномоченными государственными органами, с учетом необходимости соблюдения требований законодательства «О персональных данных и их защите».
***
Галимов Махсут : Айгүл Амантайқызы, саламатсыз ба! Мен Атырау облысында мемлекеттік қызметте жұмыс жасаймын. Бізде шетелдік компаниялар көп екені белгілі, оларда жалақы мемлекеттік қызметке қарағанда бірнеше есе жоғары. Сондықтан білікті жақсы мамандар сонда жұмыс табуды жоспарлайды. Ал мемлекеттік қызметте жасауға ынталары жоқ, сол себептен ФБШ жүйесін енгізу орынды деп есептеймін. Біздің облыста қашан болатынын білгім келеді. Рахмет!
Ответ: Қайырлы күн, құрметті Максут Галимов! Сұрақтарыңызға рахмет. Жоғарыда айтылғандай, қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша қажетті есептеулер мен еңбекақы төлеудің жаңа схемалары дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлігіне қарауға жіберілді. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Сіз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз.
***
Измуханова Акмарал : Атырау облысының аудандық әкімдіктерінде оңтайландыру жұмыстары жүргізілуі себепті көптеген бөлімдер біріктіріліп, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жүктемелері көбейіп кетті. Алайда, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы сол күйінде калды. Бұл өз кезегінде моральдық және материалдық тұрғыдан кері әсерін беруде. Мемлекеттік қызметшілердің ФБШ-ға өтуіне не кедергі болуда? Ол қашан шешіледі?
Ответ: Қайырлы күн, құрметті Акмарал Измуханова! Сұрақтарыңызға рахмет. Олар мемлекеттік қызмет үшін өте өзекті болып табылады. Егер нақты Атырау облысы туралы айтатын болсақ, онда Тұңғыш Президент - Елбасының еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу туралы тапсырмасын орындау аясында мұнда үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың штаттық құрылымы мен әкімшілік шығыстары оңтайландырылды, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мазмұны қайта қаралды. Қазіргі уақытта жүргізілген жұмыстар негізінде лауазымдарды бөлу және лауазымдық жалақының жаңа схемасы дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлігіне қарауға жіберілді. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Сіз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз.
***
Джумашев Нурбол :Почему ответа нет на поставленные вопросы?
Ответ: Добрый день, уважаемый Джумашев Нурбол! Спасибо за вопрос. В настоящее время, мною готовятся ответы на поступившие вопросы. Каждый из них требует определенного времени для подготовки содержательного и развернутого ответа. В этой связи, я отвечу на поступившие вопросы в короткое время. Ни один вопрос не останется без ответа. Спасибо за Вашу активную гражданскую позицию!
Комментарий: Джумашев Нурбол Понятно, спасибо за ответ. Мной два месяца назад через Портал "Открытый диалог" на имя акима г.Алматы г-ну Байбеку Б.К. был направлен содержательный вопрос-предложение, до сих пор нет ответа. Еще через личный сайт акиму Турксибского района г. Алматы Кулагину был направлен вопрос в начале года (январь 2019) тоже нет ответа, поэтому удивляюсь что так быстро поступил от Вас ответ
***
Дастан Исламбек:Қайырлы күн. Айгүл Амантайқызы, Жамбыл облысы мемлекеттік қызметшілеріне балный шкала бойынша қашан айлық көтеріліп, бонрустар берілу көзделген?
Ответ: Құрметті Дастан Исламбек! Сұрағыңызға рахмет. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік органдардың жаңа төлем моделіне көшу мерзімдері мемлекеттік органдардың бюджет шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу жөніндегі жұмыс нәтижелерін ескере отырып, пилоттың қорытындылары бойынша айқындалатын болады.
***
Аманбай Жансерік: Қайырлы күн, құрметті Айгүл Амантайқызы! Біріншіден бүгінгі ашық интернет конференция өткізіп жатқаныңызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бүгінгі қойылатын сұрақтардың басым көпшілі факторлік балдық шәкіл негізнде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне қашан көшеміз деген сұрақ болғалы тұр. Бүгінгі күнге,кәсіби аппарат құру, мемлекеттік қызметшілердің мансаптық ілгерілеу жолында, қоғамда біршама орнымыз айқындалды.Осы атқарылып жатқан игі бастамалардың жалғасы ретінде, жаңа еңбекақы жүйесінде көшу ертерек қолға алынса деген өтінішім бар. Атқарып жүрген қызметіңіздегі игілікті істеріңізге сәттілік тілеймін!
Ответ: Құрметті Аманбай Жансерік! Сұрағыңызға рахмет. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік органдардың жаңа төлем моделіне көшу мерзімдері мемлекеттік органдардың бюджет шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу жөніндегі жұмыс нәтижелерін ескере отырып, пилоттың қорытындылары бойынша айқындалатын болады.
***
МУКАШЕВ ТИМУР БОЛАТОВИЧ: Здравствуйте! Скажите пожалуйста, будет ли уполномоченным органом в сфере государственной службы приниматься меры по повышению социальной защиты государственных служащих проживающих на селе, в частности наделения государственных служащих гарантиями, предусмотренными в программе «С дипломом в село»? Данная мера повысит привлекательность государственной службы для людей прибывших для работы и проживания в сельские населенные пункты.
Ответ: Добрый день уважаемый Тимур Болатович! Благодарю Вас за вопрос. Агентством на постоянной основе проводится работа по повышению социальной защиты госслужащих. Учитывая дефицит кадров на селе, ранее, мы проработали вопрос распространения программы «С дипломом в село» на госслужащих. Эта инициатива поддержана всеми заинтересованными госорганами. Соответствующие поправки мы включили в законопроект о внесении изменений в Закон «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий». В настоящее время они находятся на рассмотрении Мажилиса Парламента.
Измуханова Акмарал: Елбасы Атырау облысына келген сапарында тапсырмаларының бірі - 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап факторлы балды шкалаға негізделген жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне көшу керек деп тапсырған. Бірақ, осы уақытқа дейін бұл мемлекеттік қызметшілердің жалақысы әлі шешілген жоқ. Себебі не?
Ответ: Қайырлы күн, құрметті Акмарал Измуханова! Сұрақтарыңызға рахмет. Олар мемлекеттік қызмет үшін өте өзекті болып табылады. Егер нақты Атырау облысы туралы айтатын болсақ, онда Тұңғыш Президент - Елбасының еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу туралы тапсырмасын орындау аясында мұнда үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың штаттық құрылымы мен әкімшілік шығыстары оңтайландырылды, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мазмұны қайта қаралды. Қазіргі уақытта жүргізілген жұмыстар негізінде лауазымдарды бөлу және лауазымдық жалақының жаңа схемасы дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлігіне қарауға жіберілді. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Сіз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз.
***
Измуханова Акмарал :Орталық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілерге төленетін сыйақы жылдық бюджеттен жоспарланып беріледі, ал жергілікті жерде тек үнемделген қаржы көзінен қарастырылады? Неге? Халықпен тікелей жұмыс жасайтын өңірлер гой?
Ответ: Қайырлы күн, құрметті Акмарал Измуханова! Сұрақтарыңызға рахмет. Олар мемлекеттік қызмет үшін өте өзекті болып табылады. Егер нақты Атырау облысы туралы айтатын болсақ, онда Тұңғыш Президент - Елбасының еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу туралы тапсырмасын орындау аясында мұнда үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың штаттық құрылымы мен әкімшілік шығыстары оңтайландырылды, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мазмұны қайта қаралды. Қазіргі уақытта жүргізілген жұмыстар негізінде лауазымдарды бөлу және лауазымдық жалақының жаңа схемасы дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлігіне қарауға жіберілді. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Сіз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз.
***
Измуханова Акмарал : Атырау облысында ФБШ мәселесі неге шешілмей тұр? Қай уақытта шешілмек?
Ответ: Қайырлы күн, құрметті Акмарал Измуханова! Сұрақтарыңызға рахмет. Олар мемлекеттік қызмет үшін өте өзекті болып табылады. Егер нақты Атырау облысы туралы айтатын болсақ, онда Тұңғыш Президент - Елбасының еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу туралы тапсырмасын орындау аясында мұнда үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың штаттық құрылымы мен әкімшілік шығыстары оңтайландырылды, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мазмұны қайта қаралды. Қазіргі уақытта жүргізілген жұмыстар негізінде лауазымдарды бөлу және лауазымдық жалақының жаңа схемасы дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлігіне қарауға жіберілді. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Сіз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз.
***
Сейтмаганбетова Жазира: Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметшілерді уәждемелеу бойынша ұсынысым бар еді. Әрбір мемлекеттік органның басшысына айына немесе екі-үш айда бір рет жұмыс уақытында ұжыммен таза ауаға шығып, миға шабу шараларын ұйымдастырып отыруға тапсырма берілсе ұжымдардағы моральдық-психологиялық климат әлдеқайда жақсаратын еді. Мемлекеттік қызметшілер үнемі кабинетте отырып жұмыс істейтін адамдар. Оларға айрықша іс-шаралар ауадай қажет. Онсыз да жиі өткізіліп отыратын жиналыстарды таза ауада өткізуден ешқандай зиян келмейді деп ойлаймын. Осы ұсынысымды қабылдайсыз деген үміттемін.
Ответ: Қайырлы күн, құрметті Сейтмаганбетова Жазира! Ең алдымен, мемлекеттік басқару мәселелеріне белсенді қатысқаныңызға алғысымызды білдіреміз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әр мемлекеттік орган дербес түрде, өзінің еңбек тәртіптемесі қағидаларында жұмыс кестесін, соның ішінде жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін, белгілейді («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, 32 бабының 3 тармағы). Мысалы, аталған норма шеңберінде, қазіргі уақытта, мемлекеттік қызметшілердің жеке және кәсіби өмірлерін келістіру үшін мемлекеттік органдарда икемді жұмыс кестесін енгізу жұмыстары жүргізілді. Осылайша, бүгінге әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму, сыртқы істер, мәдениет және спорт, қаржы және т.б. министрліктерінде икемді жұмыс кестесі енгізілді. Осындай жұмыс барлық өңірлерде жасалуда. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің, үстеме жұмыстарды жою шаралардаң арқасында, жеке уақытын тиімді ұйымдастырып, өзін дамытуға, отбасымен уақыт өткізуге және денсаулық мәселелерін шешуге мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер арасында жүйелі түрде таза ауада спорт шаралары жүргізіледі. Мысалы, өткен жылы мемлекеттің бүкіл өңірлерінде"Алға басу - движение вперед" атты қайырымдылық жүгірісі және спартакиада өтетін болды. Бұдан басқа, мемлекеттік органдарының ұжымдарында жағымды моральдық-психологиялық климат орнату және әдептілік қағидаларын ілгерілеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді. Жұмыс жағдайларына байланысты барлық өзекті мәселелер бойынша әдеп жөніндегі уәкілге жүгінуге болады. Қайта алғысымызды білдіре отырып, Сіздің ұсынысыңыз алдағы мемлекеттік аппаратты жетілдіру жұмыстарында ескерілетін болады.
***
МУКАШЕВ ТИМУР БОЛАТОВИЧ: Здравствуйте Айгуль Амантаевна! Как известно в рамках реализации Плана нации «100 конкретных шагов» разработана новая система оплаты труда государственных служащих, внедрение которой уже осуществляется в пилотном режиме в определенных государственных органах. Скажите пожалуйста, с какого периода новая система оплаты труда факторно-бальная шкала будет распространена на всех государственных служащих?
Ответ: Добрый день, уважаемый Тимур Болатович! Благодарю Вас за вопрос. Как выше было изложено сроки перехода государственных органов на новую модель оплаты будут определены по итогам пилота с учетом результатов работы государственных органов по оптимизации и экономии бюджетных расходов.
***
Садвокасова Камила: Добрый день!Уважаемая Айгуль Амантаевна у меня вопрос касательно внедрения факторно-бальной шкалы и дальнейшего повышения заработной платы административных государственных служащих.Как известно с января 2018 года был внедрен пилотный проект по апробации ФБШ в 6 государственных органах после чего с 2019 года к ним прибавилось еще несколько других государственнных органов.С 2019 года уже на постоянной основе в Агентстве по делам гос-ой службы внедрено факторно-бальная шкала в результате которой повышены должностные оклады в 2.6 раза.В этой связи у меня вопрос с какого года будет внедрена ФБШ для всех остальных государственных органов? и в какой срок должны будут все административные государственные служащие получать заработные платы по новой факторно бальной шкале? спасибо
Ответ: Добрый день, уважаемая Садвакасова Камила! Благодарю Вас за вопрос. Действительно, по поручению Первого Президента - Елбасы с прошлого года в отдельных государственных органах (Минюст, Агентство, акиматы г. Астаны и Мангистауской области, с декабря 2018 года – акиматы городов Алматы и Шымкент) в пилотном режиме внедрена новая система оплаты труда, основанная на факторно-балльной шкале и бонусах. Срок его завершения определен - 31 декабря 2019 года. Для дальнейшего масштабирования проекта необходимо, чтобы рост затрат на оплату труда был обеспечен оптимизацией и экономией бюджетных расходов, в том числе расходов подведомственных организаций. В этой связи, в настоящее время госорганы для перехода на новую систему оплаты труда изыскивают соответствующие средства. Поэтому сроки перехода на эту модель оплаты будут определены по итогам пилота с учетом результатов работы государственных органов.
***
Дастан Исламбек: Министрліктін жауапты хатшысы іс сапар кезінде қандай киім үлгісінде болу керек?
Ответ: Құрметті Исламбек Дастан, сұрағынызға рахмет! Біздің сындарлы диалогымыз Жамбыл облысына ресми сапарлар барысында ғана емес, Агенттіктің онлайн алаңында да жалғасатынына қуаныштымың. Сіздің сұрағынызға көшсек, мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексінің 5-тармағының 14) тармақшасында реттелген. Атап айтқанда мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Бұл талаптар барлық мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде қызметтік іссапарда болған жағдайда да қолданылады.
***
Балгожин Рустем: Мен Ақмола облысы, Қорғалжын аудынында дүниеге келдім және сол жерде туып өстім. Мен Астана қаласында жоғары білім алып, қазіргі таңда Астана қаласынын шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорындардың бірінде еңбек етіп келемін (мемлекеттік қызметкер емеспін). Nur Otan партиясының 18-съезінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ауылды дамыту жөнінде Үкіметке тапсырған бірнеше тапсырмалары оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» атты жобасы көңілімізден шықты. Мал шаруашылығы, онын ішінде бие сауып қымыз дайындау, сиыр сауып сүт өнімдерін алу, атадан балаға мұра болып келе жатқан кәсібіміз. Ендігі кезекте осы кәсібімізді Заңды тұлға ретінде тіркеп, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік сатып алуға қатысып кәсібімді одан әрі дамытқым келеді. Осығын байланысты, Сіден мемлекеттік елтаңба бейнеленген бланкіде менің шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнында жұмыс істей отырып, кәсіпкер болып тіркеліп, отбасымызбен осы кәсібімізбен айналысуға рұқсат етілгені жөнінде түсіндірме беруіңізді сұраймын.
Ответ: Қайырлы күн, құрметті Балгожин Рустем! Сұрағыңызға рахмет. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 13-бабында мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда ондай адамдарға, басқарушылық функцияларды орындайтын, атап айтқанда тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жатады. Ұйымдық-өкімдік функциялар деп – ұжымды жалпы басқару, кадрларды іріктеу мен орналастыру, бағынысты адамдардың еңбегін ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану шараларын қолданудан көрінетін, тәртіпті қолдау жатады. Әкімшілік-шаруашылық функциялар деп – толық материалдық жауаптылық жүктелген адамдардың берілген өкілеттіктер шеңберінде мүлікті, оның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оған билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі. Осыған орай, егер Сіз мемлекеттік кәсіпорында басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға жатсаңыз кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайсыз.